jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық жеңіл атлет Дэйзи Джепкемей Франциядағы турнирде топ жарды

    Қазақстандық жеңіл атлет Дэйзи Джепкемей
    Қазақстандық жеңіл атлет Дэйзи Джепкемей. Фото: Hannah Peters/Getty Images

    Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өтіп жатқан жартылай марафонның жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дэйзи Джепкемей белгіленген межені 1 минут 07:54 секундта жүгіріп өтіп, мәреге бірінші болып келді.  

    Бұл жарыста екінші орынды Угандадан келген Аннет Челангат алды. Оның нәтижесі – 01:09:58.

    Сонымен бірге эфиопиялық жеңіл атлет Меселу Кахсай қола жүлдеге ие болды (01:10:18).

    Айта кетейік, Дэйзи Джепкемей – Кения тумасы. Ол 2022 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүр.

    Сондай-ақ Дэйзи Джепкемей Париж Олимпиадасында 3000 метрге кедергімен жүгіру сайысының іріктеу кезеңінде сынға түскен еді. Ол белгіленген межені 9 минут 24,69 секундта жүгіріп өтіп, 10-орын алған болатын.

    Қазақстандық жеңіл атлет Дэйзи Джепкемей Франциядағы турнирде топ жарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.