jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Париж Олимпиадасының қола жүлдегерлері референдумға қатысты

    Ислам Сәтпаев
    Ислам Сәтпаев. Фото: Алматы қаласы ОКҚ

    Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған алматылық спортшылар Александра Ле және Ислам Сәтпаев референдумда дауыс берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    2024 жылғы Олимпиада жүлдегері Александра Ле референдумда дауыс берді. Спортшы Астанада Велотректегі сайлау учаскесінде дауыс берді.

    "Мен қазір елордада жарыстамын, соған қарамастан, өз азаматтық борышымды орындадым. Күн тәртібінде өте маңызды мәселе тұр, әрбір қазақстандық оған жауапкершілікпен қарап, жағдайға қарамастан дауыс беруге тырысады деп үміттенемін. Әр адамның дауысы маңызды", – деді ол.

    Александра Ле
    Александра Ле. Фото: Алматы қаласы ОКҚ

    Сондай-ақ Парижде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтбаев та референдумға қатысты. Спортшы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Ле секілді Астана қаласында жарыста жүргенде таңдауын жасады.

    "Референдум – әрбір азаматтың дауысы маңызды саналатын демократияның маңызды құралы. Мен бұған бей-жай қарамайтын қазақстандықтар секілді еліміздің болашағы үшін дауыс бердім. Баршаңызды азаматтық парызыңызды орындауға шақырамын" – деді Ислам Сәтбаев.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай, танымал боксшы Ермахан Ибраимов, Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов және тағы басқа спортшылар дауыс берген болатын.

    Париж Олимпиадасының қола жүлдегерлері референдумға қатысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.