jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Жігіттер көп жазады, шаршадым": қазақстандық спортшы қыз жеке өмірі туралы айтты

    Карина Сисенова
    Карина Сисенова. Фото: youtube.com/@NAIZATV

    ММА-де өнер көрсететін қазақстандық спортшы Карина Сисенова YouTube желісіндегі "NAIZA TV" арнасына берген сұқбатында жеке өміріне қатысты мәселелерді ашып айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстандық спортшы Карина Сисенова қазіргі уақытта басты назарын жеке өміріне емес, спорттық мансабына аударып жүргенін айтты.

    "Бар назарамды спорттық мансабына аудардым. Мен әзірге тұрмыс құру мәселесі туралы ойланбаймын. Көп адам: "Сөйлесіп жүрген адамың бар ма? Қашан тұрмысқа шығасың?" - деп сұрайды. Бірақ қазір мені бұл мәселе қызықтырмайды", - деді Карина Сисенова.

    Сондай-ақ, ол әлеуметтік желіде ер адамдардан көп хабарлама алатынын жеткізді.

    "Өте көп жазады. Шаршадым (күлді). Парақшама "тұрмыстамын" немесе неке жүзігінің смайлигін салып, "қызық емес" деп жазып қою керек еді", - деді Карина Сисенова.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта Карина Сисенова Naiza лигасында өнер көрсетеді. Ол әуесқой деңгейдегі ММА-ден әлем чемпионы атанған. Осы уақытқа дейін Карина Сисенова 8 жекпе-жек өткізіп, 6 рет жеңіске жетсе, 2 рет жеңіліске ұшыраған.

    "Жігіттер көп жазады, шаршадым": қазақстандық спортшы қыз жеке өмірі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.