jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

    Юлия Путинцева
    Юлия Путинцева. Фото: Cameron Smith/Getty Images

    Қазақстанның екінші, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 121-орында тұрған 19 жастағы германиялық Элла Зайдельмен күш сынасты.

    Юлия бірінші партияда 5:1 есебімен алға шықты. Бұдан кейін Зайдель есепті қысқартқанымен, Путинцева дегеніне жетті 6:4. Екінші сетте де осындай есеп тіркелді 6:4.

    Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық теннисші 7 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Зайдель 1 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.

    Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткина немесе рейтингіде 42-орындағы чехиялық Катержина Синякованың қай жеңгенімен таласады.

    Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 26-сатыға көтеріліп тұр.

    Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.