Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалжыңы орынсыз болды": спорт министрі Черчесовпен болған дауға қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Станислав Черчесов
Станислав Черчесов. Фото: kff.kz

Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов Facebook желісіндегі парақшасында Станислав Черчесовпен болған дауға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрдің айтуынша, Станислав Черчесовтің қалжыңы орынсыз болған.

"Әрине, Станислав Черчесовтің "француз тіліне" қатысты қалжыңы орынсыз болды. Мұны Қазақстан футбол федерациясы да, бапкердің өзі де бек түсінеді. Дегенмен, Черчесовтің басты міндеті – ұлттық құраманы жаңа деңгейге шығару. Ендеше, оған ең алдымен кәсіби қызметіне қарап баға беруге шақырамын", - деді ол.

Осы ретте Ербол Мырзабосынов халықты кеңпейілділік танытуға шақырды.

"Біз қашаннан қонақжай, дархан мінезді, кешірімді елміз. Бізді мықты ел ететін де осы қасиеттер. Сондықтан мәселені одан әрі өршіте бермей, халқымызға тән кеңпейілдік танытқанымыз абзал.

Кез келген даулы мәселені ақыл-парасатпен шешетін толерантты, өркениетті, яғни дана қоғам екенімізді көрсете білейік. Станислав Черчесов – халықаралық деңгейдегі танымал футболист әрі 20 жылдық тәжірибесі бар кәсіби жаттықтырушы.

Сондықтан ол түбінде қазақстандық жанкүйерлердің сенімін ақтап, ұлттық құраманы қазіргі күрделі кезеңнен абыроймен алып шығады деп сенемін. Бәріміз мүддесі ортақ футбол жанашырлары ретінде бір-бірімізді қолдап жүрейік!", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2175677-qalzhyngy-orynsyz-boldy-sport-ministri-cherchesovpen-bolgan-dauga-qatysty-pikir-bildirdi/