Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы министрі Қазақстан волейбол федерациясының президенті болып сайланды

Жарияланған күні:

Мади Такеив
Мәди Такиев. Фото: primeminister.kz

Алматыда өткен Қазақстан волейбол федерациясының сайлау конференциясында Мәди Тәкиев ұйымның жаңа президенті болып сайланды. Ол бұл қызметте Нұртай Әбіқаевты алмастырды, деп KAZ.NUR.KZ Қазақстан волейбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәди Такиев Қазақстан волейбол федерациясының бұрынғы президенті Нұртай Әбіқаевты алмастырып, федерацияны 2024-2028 жылдар аралығында басқаратын болады. 

Жаңа басшы Мәди Такиев федерация делегаттарына көрсетілген сенімі үшін алғысын білдіріп, Нұртай Әбіқаевқа федерацияның құрметті президенті болуды және қадағалау кеңесін басқаруды ұсынды.

Сондай-ақ ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі спортты қаржыландыру саясатын қайта қарау жөніндегі тапсырмасын атап өтіп, жекеменшік демеушілер арнасын қалыптастыруға және Қазақстанның ең шалғай аудандарында бұқаралық спортты дамытуға назар аударды.

Мәди Такиев 1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша, Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін "іскерлік әкімшілдендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1998-2012 жж. – Алматы қаласы бойынша салық департаментінде жұмыс істеген.

2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитеті басқармасының бастығы.

2013-2014 ж. – Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры.

2014 ж. – Қазақстан Премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі.

2014-2017 жж. – Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық бақылау департаментінің директоры.

2019 жылдың 12 наурызынан – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметінде болды.

2020 жылы қыркүйекте Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2024 жылдың 6 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы қаржы министрі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2179493-madi-takiev-elimizding-voleibol-federatsiiasynyng-prezidenti-bolyp-sailandy/