jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаевтың сынынан кейін спорт саласына жетекшілерді тағайындау схемасы өзгерді

    Шенеунік11
    Ер адам. Көрнекі фото: Рexels.com

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін облыстық спорт басқармаларының басшылары Туризм және спорт министрлігінен арнайы комиссиясы келісімімен тағайындалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

    Өңірлік спорт басқармалары басшысын тағайындау Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның келісімімен жүзеге асады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау тәртібі өзгерді. Бұдан былай басқарма басшылығына ұсынылған үміткерлер Туризм және спорт министрлігінің жанынан құрылған комиссияның келісімін алуы керек. Комиссия жұмысына министр Ербол Мырзабосынов жетекшілік етеді.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуінде әрбір өңір қандай спорт түрін дамыту керектігіне қатысты шешімді дербес қабылдайтынын сынға алған болатын. Осыған орай, Мемлекет басшысы спорт саласындағы барлық деңгейдегі басқару вертикалін қалпына келтіру жөнінде Үкіметке нақты тапсырма берді.

    Комиссияның жұмысы барысында өңірлік спорт басқармалары басшылығына ұсынылған кандидаттар нақты талаптар бойынша бағаланады. Үміткерлердің саладағы тәжірибесі мен дамыту жоспары болуы, сондай-ақ спорт ғылымының негізі мен менеджментін меңгергені ескеріледі.

    Кандидаттарды ұсынуды жергілікті атқарушы органдар және министрлік жүзеге асыра алады. Жергілікті атқарушы орган комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды ғана тағайындайды.

    Тоқаевтың сынынан кейін спорт саласына жетекшілерді тағайындау схемасы өзгерді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.