"Астана" футбол клубының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсеннің атқа мініп, көкпар тартып жүрген видеосы желіде тарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде "Астана" футбол клубының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсенің атқа мініп, көкпар тартып жүрген видеосын жарияланды.
"Өткен жолы Конференция лигасында 13 сейв жасап, кеше күміс жүлдегер атанған Мұхаммеджан Сейсен бүгін салым салыпты", - делінген аталмыш видеоның сипаттамасында.
Сондай-ақ делі қолданушылары да футболшыға қатысты жылы лебіздерін білдіріп, оң көзқарасын танытқан.
"Сейсенге сеніп тапсыру керек қақпаны"; "Ай, жарайсың, палуан!"; "Ұлттық құраманың негізгі қақпашысы болатын жігіт"; "Жігітке жеті өнер де аз", - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, 7 қарашада елордалық "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасы аясында кипрлық "Пафос" командасына қарсы ойын өткізіп, 0:1 есебімен жеңіліс тапты. Бұл матчта Мұхаммеджан Сейсен "Астана" сапында ойынды бастан-аяқ өткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2186178-zhigitke-zheti-oner-de-az-astana-futbol-klubynyng-qaqpashysy-atqa-minip-kokpar-tartyp-zhur-video/