Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеңісті сәттерде туымызды желбіреткен емес": депутат "Астана" велокомандасын сынға алды

Жарияланған күні:

Қазақстандық велоспортшы Андрей Чугай. Фото
Қазақстандық велоспортшы Андрей Чугай. Фото: Kevin Voigt/GettyImages

Мәжіліс отырысында депутат Мұрат Әбенов "Астана" велоклубын квазимемлекеттік сектор тарапынан қаржыландыру мәселесін көтерді. Оның мәліметінше, клубқа 31 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлайды Мәжілістің Youtube-тегі арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Депутат Мұрат Әбенов туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа "Астана" велокомандасына қатысты сұрақ жолдады.

"Осы команда шетелде өнер көрсетеді, бұл – бизнес-жоба. Олар жеңісті сәттерде Қазақстан туын желбіреткен емес, Қазақстан туралы ештеңе де айтылмайды. Олар мұнда мүлдем келмейді. Еуропада өнер көрсетеді, ешқайсы дерлік оралмайды. Команданың 29 мүшесінің тек 10-ы Қазақстан азаматы. Мамыр айында тексеру жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық туралы заң бұзушылықтар анықталды – "Самұрық-Қазынадан" 31 млрд теңге бөлінеді", - деді Әбенов.

Оның айтуынша, Қазақстанда барлық бұқаралық спортқа 35 млрд теңге бөлінеді. Ал жалғыз осы велокоманданың өзіне 31 млрд теңге жұмсалып отыр.

"Соңғы үш Олимпиадада нәтиже жоқ. Команда капитаны Токиода 31, Парижде 51- орынға ие болды. Қаржыландыруды қашанға жалғастыруға болады?"- деп сұрады Әбенов.

Министр Ербол Мырзабосынов төрт велоклуб бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын, нәтижелері кейін жарияланатыны айтты. Бұл ретте ол "Астанаға" 31 млрд теңге емес, шамамен 5-6 млрд теңге бөлінетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2186768-birde-bir-zhengiste-qazaqstan-tuyn-kotermedi-deputat-astana-velokomandasyn-synga-aldy/