jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Геннадий Головкин тағы бір лауазымды қызметке тағайындалды

    ҰОК басшысы Геннадий Головкин
    ҰОК басшысы Геннадий Головкин. Фото: olympic.kz

    Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) спорт комитетінің мүшесі атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҰОК-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) басшылары мен қызметкерлері Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) комитеттері құрамына кірді.

    Спорт комитетіне Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин тағайындалды. Бас хатшы Әлімжан Ақаев Халықаралық қатынастар комитетінің мүшесі болды. PR және маркетинг департаментінің директоры Гүлназ Шукенова Медиа және БАҚ комитетіне кірді, ал Спорт департаментінің бас менеджері Роман Теміржанов Ақпарат және статистика комитетіне қосылды.

    Сондай-ақ Орталық Азияның аймақтық антидопинг ұйымының (RADOCA) директоры Венера Абдулла антидопинг комиссиясының мүшесі атанды. Жаңартылған АОК комитеттері 2028 жылға дейін қызмет атқарады.

    Еске салайық, Геннадий Головкин биыл ақпанда Қазақстан ҰОК басшысы болып сайланған еді. Кейін ол мамырда Халықаралық Олимпиада Комитеті Olympism 365 комиссиясының мүшесі, ал қыркүйекте World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанды.

    Геннадий Головкин тағы бір лауазымды қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.