Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы футболшысы кәсіпқой теннистегі алғашқы матчын өткізді

Жарияланған күні:

Диего Форлан
Диего Форлан. Фото: instagram.com/diegoforlancorazo

"Манчестер Юнайтед" және "Атлетико Мадрид" футбол клубтарында ойнаған Диего Форлан кәсіпқой теннисте дебют жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

45 жастағы спортшы Монтевидео (Уругвай) қаласында өткен Челленджер турнирінде жұптық сында бақ сынады. Ол аргентиналық теннисші Федерико Кориамен бірге боливиялық Борис Ариас және Федерико Себальоса жұбына қарсы ойнап, 1:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Форлан 2019 жылы футболдағы мансабын аяқтаған еді. Ал 2023 жылдан бастап ардагерлер арасындағы теннис турнирлерінде өнер көрсетіп жүр. Ол бұған дейін Лимадағы (Перу) MT 1000 жарысында ширек финалға дейін жетіп, ардагерлер арасында әлемнің 45-ракеткасы бразилиялық Антонио Амара да Силве Филоға есе жіберді (3:6, 2:6).

Айта кетейік, Диего Форлан бұрын "Манчестер Юнайтед" және "Атлетико" футбол клубтарында ойнаған. Ол Оңтүстік Африкада өткен 2010 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы, Америка кубогының жеңімпазы, "Алтын бутсыдың" екі дүркін иегері. Спортшы футболға көңіл бөлу үшін 16 жасында теннистен бас тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2187371-manchester-iunaitedting-buryngy-futbolshysy-kasipqoi-tennistegi-algashqy-matchyn-otkizdi/