jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Допинг дауына іліккен спортшы 16 ай үзілістен кейін спортқа оралып, Қазақстан чемпионы атанды

    Любовь Ковальчук
    Любовь Ковальчук. Фото: instagram.com/qaz_team_official

    Талдықорғанда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында Любовь Ковальчук 16 айлық үзілістен кейін спортқа қайта оралып, топ жарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан ауыр атлетика федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Любовь Ковальчук +87 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жалпы 255 кг (110+145) еңсерді. Екінші орынды Жетісу облысының спортшысы Аида Ибраим 182 кг (81+101) нәтижесімен иеленсе, үшінші орын 135 кг (60+75) салмақты көтерген Қызылорда облысының ауыр атлеті Сандуғаш Хауметоваға бұйырды.

    Бұл турнир Любовь Ковальчук үшін 2023 жылы допинг жанжалынан кейінгі қатысып отырған алғашқы жарыс болды. 2023 жылы Любовь Ковальчук допинг-тесттен өте алмай қалған еді. Олардың тапсырған сынамаларынан тыйым салынған SARMS S-23 препараты табылған.

    Айта кетейік, жалпы саны 212 спортшы бақ сынап жатқан ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты 19 қарашада өз мәресіне жетеді.

    Сондай-ақ осы турнирде 14 жастағы Ксения Прозорова алтын медаль еншілеп, екі дүркін ел чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

    Допинг дауына іліккен спортшы 16 ай үзілістен кейін спортқа оралып, Қазақстан чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.