Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

55 млн теңге көлемінде қаражат жымқырылды: балалар спортына қатысты заң бұзушылықтар анықталды

Жарияланған күні:

Спортзал
Спортзал. Көрнекі фото: pexels.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысында бірнеше қоғамдық ұйым мүшесіне алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Балалар шығармашылығы мен спорт саласында қызмет көрсететін 81 кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне байланысты бірқатар заң бұзушылықтар тіркелді. Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер кәсіпкерлерден өздерінің сенімді тұлғалары арқылы 55 миллион теңгеден астам қаражат алған. Бұл қаражат кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актілері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін алынған деп болжануда.

Негізгі анықталған бұзушылықтарға спорттық жабдықтардың стандарттарға сай келмеуі, балалардың келуін есепке алу жүйелеріндегі кемшіліктер, бейнебақылау құралдарының толыққанды жұмыс істемеуі, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарының орындалмауы кіреді.

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Алайда, тергеу мүддесіне сәйкес, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қосымша мәліметтер жарияланбайды.

"ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі", - делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін петропавлдық "Қызылжар" футбол клубының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2194295-55-mln-tengge-koleminde-qarazhat-zhymqyryldy-balalar-sportyna-qatysty-zang-buzushylyqtar-anyqtaldy/