Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

Юлия Путинцева жаңа маусымдағы алғашқы ойынында жеңіске жетті

Жарияланған күні:

Путинцева
Путинцева кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жаңа маусымдағы алғашқы турнирін жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Юлия Путинцева Аустралияның Брисбен қаласындағы WTA 500 жарысын екінші айналымнан бастады. Бұл кезеңде қазақстандық теннисші АҚШ өкілі Маккартни Кесслерді 6:2, 7:5 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 42 минутқа созылды.

Енді Путинцева ширек финалға шығу үшін Беларусь спортшысы, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен күш сынасады. Соболенко да турнирді екінші айналымнан бастап, мексикалық Рената Сарасуаны 6:4, 6:0 есебімен жеңген еді.

Путинцева мен Соболенко арасындағы кездесу Қазақстан уақыты бойынша 2 қаңтар күні таңертең өтеді деп жоспарланған. Брисбендегі турнир 5 қаңтарға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2207208-putintseva-zhanga-mausymdagy-algashqy-kezdesuinde-zhengiske-zhetip-sobolenkomen-kezdesedi/