Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ислам дінін қабылдап, есімін өзгертті": Нұрқожа Қайпанов келіншегі туралы айтты

Жарияланған күні:

Мария Седнева және Нұрқожа Қайпанов
Мария Седнева және Нұрқожа Қайпанов. Фото: instagram.com/kaipanova_sedneva_m

Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов келіншегі Марина Седнева туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ журналист Ақырыс Сейтқазының Youtube-тегі арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрқожа Қайпанов пен Марина Седнева 2020 жылы отау құрған. Ерлі-зайыпты әлеуметтік желіде танысқандарын айтты.

"Бір жыл бойы бірге жаттығу жасап жүрдік. Мен үйдің үлкені болған соң, әке-шешем келін керек деп жиі айтатын. Басында бәрі (орыс қызға үйленуіме – ред. ескертпесі) қарсы болғаны рас. Анам орысша түсінеді, бірақ сөйлесе алмайды. Келіншегіме қазақша үйрену керегін айттым.

Бір күні Маринаны әке-шешеммен таныстыруға әкеліп, төртеуіміз отырып бәрін ақылдастық. Әкем Маринаға "Ислам дінін қабылдау туралы не ойлайсың?" деп сұрағанда, ол сенімде түрде жауап берді. Ата-анам таңғалып қалды. Кейін Марина ислам дінін қабылдап, атын Мәриям деп өзгертті. Бірақ ресми есімі әлі де Марина", - деді Қайпанов.

Айта кетейік, Мария Седнева – әйелдер күресінен ұлттық құрама мүшесі. Ол былтыр қарашада Армения астанасы Ереванда әскерилер арасында ұйымдастырылған әлем чемпионатында қола медаль еншілеген еді.

Ал Нұрқожа Қайпанов 2024 жылы Тиранада (Албания) өткен олимпиадалық емес салмақ санаттары бойынша әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Ол еркін күрестен 70 кг салмақ дәрежесіндегі финалда жапон балуаны Ешиносуке Аоягиді 5:3 есебімен жеңді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2207544-islam-dinin-qabyldap-esimin-ozgertti-nurqozha-qaipanov-kelinshegi-turaly-aitty/