jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Рыбакина бастаған Қазақстан құрамасы United Сup турнирінің финалына шыға алмады

    Теннистен Қазақстан құрамасы
    Теннистен Қазақстан құрамасы. Фото: Will Russell/Getty Images

    Теннистен Қазақстан құрамасы Аустралиядағы United Cup турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстандық теннисшілер жартылай финалда Польшаға қарсы ойнады. Ұлттық командадан алғаш болып Александр Шевченко жарыс алаңына шығып, қарсыласы Хуберт Хуркачтан 3:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

    Кейін Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекпен шеберлік байқасып, екі сетте де есе жіберді (7:6, 6:4). Осылайша Қазақстан құрамасы United Cup турнирін аяқтады.

    Еске салайық, Қазақстан командасы топтық кезеңде Испанияны (2:1) және Грекияны (3:0) жеңді, ал ширек финалда Германиямен болған кездесуде басым түсті (2:1). Польша құрамасы да өз тобында екі матчта жеңіске жетті — Норвегияны (2:1) және Чехияны (2:1) ұтты. Ал ширек финалда Ұлыбританияны сенімді түрде жеңді (3:0).

    Рыбакина бастаған Қазақстан құрамасы United Сup турнирінің финалына шыға алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.