jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық теннисші үздіктер бас қосқан Германия кубогының "Төрттік финалында" бақ сынады

    Кирилл Герасименко
    Кирилл Герасименко. Фото: instagram.com/turizm_sport_ministrligi

    Ной-Ульм қаласында үстел теннисінен Германия кубогының "Төрттік финалы" өтті. Бұл бәсекеде қазақстандық теннисші Кирилл Герасименко бақ сынады, деп KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Үстел теннисінен Германия кубогының "Төрттік финалында" "Либхерр" (Оксенхаузен), "ТТ" (Саарбрюккен), "ТТС" (Бад-Хомбург) және қазақстандық Кирилл Герасименко өнер көрсететін "Вердер" (Бремен) командалары бақ сынады.

    "Вердер" командасы жартылай финалда "ТТ" ұжымына 1:3 есебімен есе жіберіп қойды. Қазақстандық теннисші Кирилл Герасименко қарсыласы Юто Мурамацуға қарсы ойында 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

    Германияда кубогының "Төрттік финалының" ақтық бәсекесіндн "Либхерр" командасы "ТТ" ұжымынан 3:1 есебімен басым түсті.

    Айта кетейік, Франция астанасы Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында үстел теннисінен бақ сынаған Кирилл Герасименко жарыстың 1/8 финалдық кезеңіне дейін жеткен еді. Қазақстандық спортшы бұл айналымда мысырлық Омар Ассардан 4:2 есебімен жеңілген болатын.

    Қазақстандық теннисші үздіктер бас қосқан Германия кубогының "Төрттік финалында" бақ сынады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.