jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Үздік ондықта: қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогында жоғары нәтиже көрсетті

    Cемсерлесуші Богдан Лукин
    Cемсерлесуші Богдан Лукин. Фото: olympic.kz

    Шпагамен семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының спортшылары Швейцарияның Базель қаласында өткен әлем кубогы кезеңін аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан құрамасынан турнирдің ширек финалына дейін Богдан Лукин мен Кирилл Проходов жетті. Бұл кезеңде Лукин Германиялық Оле Петерсонға есе жіберсе, Проходов ұлыбританиялық Тристан Люминьеден жеңіліп қалды.

    Жарыс нәтижесі бойынша, Кирилл Проходов бесінші орынға ие болса, Богдан Лукин сегізінші орынға тұрақтады. Ал Георгий Тинников 12-орын, Нұржан Әбжанов 129, Алексей Касаткин 144-орын алды.

    Еске салайық, рапирамен семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі София Ақтаева Фуджейрадағы (БАӘ) әлем кубогі кезеңінде алтын медаль еншілеген еді. Ол финалда Қытай спортшысы Яжихэ Тэні 15:13 есебімен жеңді. София 1/16 және 1/8 финалда да қытайлық спортшылардан басым түссе, ширек финалда Макао өкілін, жартылай финалда мажарстандық спортшыны ұтқан.

    Үздік ондықта: қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогында жоғары нәтиже көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.