Танымал өзбекстандық боксшы Шахрман Гиясовтың Buka Gym спорт залында аюмен күресіп жатқан видеосы әлеуметтік желіге тарады. Осы жағдайға байланысты боксшы айыппұл арқалады, деп KAZ.NUR.KZ Sputnik Узбекистан Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан танымал боксшы Шахрам Гиясовтың тұмылдырық тағылған аюды бірнеше рет арқасымен құлатып, жатқызып тастаған көруге болады. Осы сәтте аюды басқа бір адам арқанмен ұстап тұр.
"Mehr va Oqibat" жануарларды қорғау қоғамы бұл видеоға байланысты шағым түскенін хабарлады. Бұл бейнежазбаны жіберген жандардың шошығанын мәлімдеген. Сонымен қатар аталмыш қорғау қоғамының мәліметінше, видеода басқа да спортшылар болған. Ал аюдың тырнақтары жоқ екені нақтыланған.
Ұйым бұл оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігіне және Экология, қоршаған ортаны қорғау министрлігіне шағым дайындаған.
Sputnik Узбекистан мәліметінше, осы жағдайға байланысты боксшы Шахрма Гиясовқа 1 миллион 125 мың өзбек сумы (шамамен 46 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды, ал аю Ферғана хайуанаттар бағына тапсырылды.
Айта кетейік, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында күміс медаль еншіледі. Ол финалда қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновке есе жіберген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2208849-aiumen-kuresken-tanymal-ozbekstandyq-boksshy-aiyppul-arqalady-video/