1993 жылдан бері Қазақстан құрамасы спортшы студенттер арасындағы халықаралық жарыс Универсиадаға қатысып келеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық дене тәрбиесі орталығының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазірге дейін 30 Универсиадаға қатысқан Қазақстан құрамасы барлығы 231 медаль, соның ішінде 56 алтын, 79 күміс және 96 қола жүлде жеңіп алған. Ал қысқы Универсиадада отандық спортшылар 98 медаль еншілеген (32 алтын, 29 күміс, 37 қола).
Дүниежүзілік қысқы Универсиадада ең көп медаль иеленген ТОП-5 ел:
- Корея Республикасы – 121 алтын, 86 күміс, 82 қола;
- Жапония – 112 алтын, 117 күміс, 106 қола;
- Қазақстан – 32 алтын, 29 күміс, 37 қола;
- Финляндия – 14 алтын, 25 күміс, 36 қола;
- Испания – 7 алтын, 6 күміс, 4 қола.
Еске салайық, 13-23 қаңтар аралығында Туринде (Италия) өтетін ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталған еді. Сондай-ақ жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шығатын спортшылар белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2209688-32-altyn-medal-qazaqstan-qysqy-universiada-oiyndarynda-qansha-zhulde-enshilegen/