Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы, танымал америкалық жүзгіш Гэри Холлдің үйі Калифорниядағы орман өртінен жанып кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Swimming World басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
50 жастағы Гэри Холл алапат өрт үйіне жақындаған кезде Лос-Анджелестегі баспанасынан шұғыл эвакуация жасады. Ол үйден тек итін, атасының суретін және қызы сыйлаған ағаш мүсінді алып үлгерген.
Өкінішке қарай, Гэри Холл Олимпиада ойындарында жеңіп алған он медалін алып шыға алмады.
Қазіргі уақытта Калифорнияда төтенше жағдай жарияланған. Орман өрттері салдарынан алты адам қаза тауып, мыңнан астам ғимарат жойылған.
Айта кетейік, Гэри Холл Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы атанған, сондай-ақ ол байрақты бәсекде үш рет күміс және екі рет қола медаль жеңіп алған. Сондай-ақ ол әлем чемпионатында алты мәрте топ жарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2210249-olimpiada-oiyndarynyng-5-durkin-chempiony-kaliforniiadagy-ort-saldarynan-10-medalinen-aiyryldy/