Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай әлеуметтік желідегі парақшасында сирек кездесетін видеосын бөлісті. Кадрда спортшы ас үйдегі өнерін паш етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Назым Қызайбай Instagram-дағы парақшасында тамақ жасап, қолына балға алып, жөндеу жұмыстарын жасап жатқаны бейнеленген видео жариялады.
Желі қолданушылары спортшының барлық жағынан өнерлі екенін айтып, жазба астында жылы лебіздерін жазды.
"Екі дүркін Әлем чемпионы, Париж олимпиадасының қола жүлдегері, қазақтың өнерлі, батыр қызы", "Керемет, қамыр илеуді барлық қыздар біле бермейді, "Албанның қыздары керемет, қолдарынан бәрі келеді", "Жарайсың сұлу қыз", "Тіл көзден сақтасын Алла", "Барлық жерде чемпион, Назым!", - деп жарыса жазды олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2210642-basqa-onerim-zhetedi-as-uidegi-videosymen-bolisken-nazym-qyzaibai-kopshilikting-yqylasyna-bolendi/