Спорт

Зектілері

Харбиндегі IX қысқы Азия ойындары: ту ұстап шығатын спортшылардың есімі белгілі болды

Жарияланған күні:

Қазақстан туы
Қазақстан туы. Фото: Maksim Konstantinov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Харбиндегі IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан туын ұстап шығатын спортшылардың есімі белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметтің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов алдағы бәсекеге команданың дайындығы туралы айтты.

Оның айтуынша, Қазақстан құрамасы барлық алты спорт түрінен сынға түседі.

Команданың құрамы бекітілген. Азия ойындарына 138 спортшы аттанады. Биатлоншыларға, шаңғышыларға, конькимен жүгірушілерге, сондай-ақ қазіргі Азия чемпиондары болып саналатын хоккейшілерге үлкен үміт артылады.

IX қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатында хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трек өкілі Ольга Тихонова ту ұстап шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2211434-harbindegi-ix-qysqy-aziia-oiyndary-tu-ustap-shygatyn-sportshylardyng-esimi-belgili-boldy/