Спорт

Зектілері

Қазақстан қоржынына + 1 медаль: шорт-тректен ерлер құрамасы тағы бір жүлдемен қуантты

Жарияланған күні:

Қазақстандық шорт-трекшілер
Қазақстандық шорт-трекшілер. Фото: sports.kz

Шорт-тректен Қазақстанның ерлер құрамасы Туринде (Италия) өтіп жатқан Универсиадада "қола" жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.

5000 метрге сырғанауда қазақстандық шорт-трекшілер үшінші болып оралды (7:03.776). Олар алтын жүлдегерлерден 6.732 секундқа ғана кешіккен.

Қазақстан ерлер құрамасының сапында Санжар Жанысов, Әлішер Абулкатимов, Валерий Клименко, Айбек Темірхан және Дінмұхамедалдияр Тәжібай бақ сынады.

Алтын медаль Қытай құрамасына бұйырса, күміске Жапония құрамасы қол жеткізді.

Бұл Қазақстан командасы үшін Универсиададағы 14-медаль. Қазіргі таңда ел қоржынында 3 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль бар.

Еске салсақ, күні кеше шорт-тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафета бойынша қола медаль алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2214615-qazaqstan-qorzhynyna-1-medal-short-trekten-erler-quramasy-tagy-bir-zhuldemen-quantty/