jitsu gif
Спорт

    Қазақстандағы спорттық ұйымдар үшін спортшылардың жас санатына өзгеріс енгізілді

    Спортшы
    Спортшы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Елімізде спорттық ұйымдар үшін спортшылардың жас санаты өзгерді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қоғамдық кеңес "Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрықты қарастырып, мақұлдады. Атап айтқанда, құрамаларға қабылдану үшін қажетті құжаттар тізімі өзгертілді.

    Енді аккредиттелген спорт федерациялары спортшылардың бірінші және жеке жаттықтырушыларын көрсете отырып, нотариуспен куәландырылған өтініштерді ұсынуға тиіс.

    Тағы бір маңызды шешім – спорт резервін даярлайтын және жоғары білікті спортшыларды тәрбиелейтін спорт ұйымдарында спортшылардың жас санын реттейтін бұйрықтың өзгеруі.

    Ондағы негізгі өзгерістер:

    • Грек-рим күресі: жастар жасы 18-23-тен 18-20 жасқа, ересектер жасы 23-тен 21 жасқа дейін төмендеді;
    • Дзюдо: жасөспірім шақ жасы 12-18-ден 13-17 жасқа, жасөспірімдер жасы 18-21-ден 18-20 жасқа, жастар жасы 21-23-тен 21-22 жасқа дейін төмендеді;
    • Шорт-трек: балалар жасы 7-10-нан 5-7 жасқа дейін, жасөспірімдер жасы 11-15-тен 8-15 жасқа дейін қысқарды.

    Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, ерекше жандарға арналған мамандандырылған мектептерде оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін жас шектеулері алынып тасталды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.