Спорт

Зектілері

Қазақ қызы 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында үздік бестікке енді

Жарияланған күні:

Малика Ермек жарыс жолында
Малика Ермек жарыс жолында. Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының өкілі Малика Ермек 2025 жылғы Азия ойындарында (Харбин, Қытай) үздік бестікке енді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Спортшы 1000 метр қашықтықтағы A финалында өнер көрсетті. Шешуші жарыста қазақстандық спортшы бесінші нәтиже көрсетті.

Осы бағдарлама бойынша Алина Әжғалиева B финалында жарысты. Ол мәреге екінші болып жетіп, жалпы есепте жетінші орын алды.

Еске салсақ, бүгін фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Аяна Жолдас қола жүлде алды.

Сондай-ақ кеше шаңғы жарысынан Харбинде өткен 2025 жылғы Азиада финалында үшінші болып келген қазақстандық шаңғышы Константин Борцов күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен бірге хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы төртінші кездесуін өткізіп, жеңіске жетті. Ұлттық құрама максималды 12 ұпай жинап, А тобында бірінші орынға жайғасты. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 10 ақпан күні Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді. Кездесу шамамен Қазақстан уақыты бойынша сағат 9:00-де басталады.

Одан бөлек үш қазақстандық шорт-трекші 2025 жылғы Азия ойындарынан шеттетілді.

Бұған дейін конькиші Евгений Кошкин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтеріліп, күміс жүлде алғанын жазған едік.

Ал Азиаданың бірінші күні шорт-тректен аралас ұлттық құрама Қазақстан құрамасына алғашқы медальді әкеліп, күміс алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2219123-qazaq-qyzy-2025-zhylgy-qysqy-aziia-oiyndarynda-uzdik-bestikke-endi/