jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Азиада-2025: шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды (фото)

    шаңғышылар
    Қазақстандық шаңғышылар. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы эстафета өтті. Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, бұл сында (4×5 км) Ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді.

    шаңғышылар
    Шаңғышылар. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.

    шаңғышылар
    Қазақстандық шаңғышылар. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Мұнда барлығы алты елдің құрамасы жүлдеге таласты. Енді Астана уақытымен сағат 10:00-де ерлер арасындағы (4×7.5 км) эстафета басталады.

    шаңғышылар
    Әйелдер құрамасы. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Айта кетейік, бұл шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан қоржынына түскен үшінші жүлде. Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжалаған.

    Азиада-2025: шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.