jitsu gif
Спорт

    Қоржынға +1 қола: қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан Қазақстан ерлер құрамасы үздік үштікті түйіндеді

    Шыңғыдан Қазақстан ерлер құрамасының мүшелері
    Шыңғыдан Қазақстан ерлер құрамасының мүшелері. Фото: t.me/sport_comiteti

    Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысы командалық эстафетамен аяқталды. Қазақстан ерлер құрамасы мәреге үшінші келіп, қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    4х7,5 шақырымдық жарыста еліміздің атынан Константин Борцов, Наиль Башмаков (классикалық әдіс), Олжас Климин мен Владислав Коволев (еркін әдіс) сынға түскен. Мұнда барлығы 9 елдің құрамасы жүлдеге таласқан.

    Эстафета нәтижесі бойынша жарыс қожайыны Қытай командасы чемпион атанса, күміс Жапония шаңғышыларына бұйырған.

    Айта кетейік, шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан төрт жүлдеге қол жеткізді. Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола медаль алса, әйелдер командасы эстафетада күміс медаль еншіледі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.