jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Токио Олимпиадасының қола жүлдегері каратэден ұлттық құрама тізгінін ұстады

    Дархан Асаділов
    Дархан Асаділов. Фото: Borja B. Hojas/Getty Images

    Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

    Агенттіктің Қазақстан каратэ федерациясына сілтеме жасап жазуынша, Дархан кәсіби спортта айтулы табысқа қол жеткізген. 

    Бұл ретте Токио Олимпиадасындағы (-60 кг) қола жүлдені, әлем чемпионатының күмісі (2008) мен қоласын (2018), Гуанчжоудағы Азия ойындарының алтынын атап айтуға болады. 

    Сондай-ақ ол – спорттың осы түріндегі ең беделді жарыс Karate-1 Премьер-лига бәсекесінің 8 дүркін жеңімпазы.

    Дархан Асаділов осыған дейін Шымкент қаласындағы спорт мектебінде және Қазақстан жастар құрама командасында жаттықтырушы болған.

    Асаділов үшін бас бапкер қызметіндегі алғашқы халықаралық жарыс мамырдың аяғында Ташкентте өтетін Азия чемпионаты болады.

    Бас бапкердің алдағы мақсаты – Ұлттық құраманың жаттықтырушылар қосынын жасақтау, келесі жылы Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына тыңғылықты дайындалып, жоғары нәтиже көрсету.

    Токио Олимпиадасының қола жүлдегері каратэден ұлттық құрама тізгінін ұстады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.