Спорт

Зектілері

Райымбек Баталов Азия велоспорт конфедерациясының басқару комитетінің құрамына енді

Жарияланған күні:

Райымбек Баталов86
Райымбек Баталов. Фото: atameken.kz

2025 жылғы 19 сәуірде Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өткен Азия велоспорт конфедерациясының (ACC) Басқару комитетінің отырысында маңызды шешім қабылданды – Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Райымбек Баталов 2025-2029 жылдарға арналған мерзімге Басқару комитетінің кооптацияланған мүшесі болып тағайындалды.

Бұл турады велоспорт федерациясы ресми сайтында мәлім етті.

"Бұл тағайындау – Райымбек Баталовтың Қазақстандағы және Азия кеңістігіндегі велоспортты дамытуға қосқан елеулі үлесінің, жас спортшыларды қолдау мен веломәдениетті ілгерілету жолындағы еңбегінің халықаралық деңгейде мойындалуының көрінісі.

Аталған мүше болу Қазақстан үшін үлкен маңызға ие: енді ел мүддесін Азия деңгейінде белсенді қорғауға, шешімдер қабылдауға ықпал етуге және халықаралық велоспорт қауымдастығындағы орнын күшейтуге мүмкіндік туады.

Қазақстан велоспорт федерациясы Райымбек Баталовты осы жауапты әрі маңызды қызметімен шын жүректен құттықтап, жаңа кезеңде толағай табыс тілейді!", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2239080-raiymbek-batalov-aziia-velosport-konfederatsiiasynyng-basqaru-komitetining-quramyna-endi/