
Жуырда Батыс Қазақстан облысының орталығы - Орал қаласында қазақ күресінен жастар арасындағы республикалық чемпионаты өтті. "Жайық арена" спорт кешенінде өткен дүбірлі додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас балуандар 72 медальді қоржынға салды. Qazaq Kuresi Ассоциациясының бастамасымен ұйымдастырылатын чемпионатқа 500-ден астам спортшы қатысып, 16 салмақ дәрежесінде сынға түсті.
"Бабалар ізі лигасын" былтыр бастағанбыз. Ол кезде қалалық деңгейде өтті. Биыл енді лиганың ауқымын үлкейтейік деген мақсатта жақын аймақтағы аудандардан шақырттық. Яғни қазіргі таңда облыстық жарысқа айналды. 20 наурызда бастау алған лига бір айға созылады. Бұның басқа жарыстардан ерекшелігі – бір-екі жарыспен шектеліп қалмайды. Әр сенбі, жексенбі кездескен командалар келесі демалысқа дейін үздіксіз дайындық жасайды. Сол арқылы олардың қызығушылығы да артып жатыр", - дейді "Орал" спорт клубының директоры Орынбасар Ғилымов
Орынбасар мырзаның айтуынша, жарыстан жеңімпаз атанған жас спортшылар медаль, кубок алумен ғана шектеледі. Егер болашақта мемлекеттік жобаға айналса, бұл лиганың өсіп келе жатқан жастарға берері мол болмақ.
"Біздің негізгі мақсат ұлттық спорттың аудиториясын кеңейту. Оған көптеп қарапайым балаларды да тарту. Ұлттық спортты қазақтың қара балалары бастап дамытпаса, оның болашағы жоқ болып кетуі әбден мүмкін ғой. Себебі жастайынан ұлттық спортпен бірге өскен баланың бойында өзіндік қасиеттері қалыптасады. Сол кезде біз ұлттық спорттың болашағына алаңдамай, нық сеніммен қарайтын едік",- деді ол,
Қазақ күресі қауымдастығының бас директоры Бақдаулет Сәбитов қазіргі басты мақсат – Ұлттық көкпар ойынының бұқаралық сипатын қамтамасыз ету, аудиторияны кеңейту.
БҚО қазақ күресінен қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы Фарид Сапиев Қазақстан чемпионатында батысқазақстандық палуандардың да қуанып жатқанын жеткізді.
"48 келі салмақта үздік шыққан Эльнара Анарбекқызы жастар арасында алғаш рет ел чемпионы атанып отыр. Ерлан Оңалов жаттықтыратын Эльнара бұған дейін жасөспірімдер арасында самбодан Қазақстан чемпионы болған еді. Сол сияқты өзімнің төл шәкірттерім – Дария Забильская мен Сабина Құлымбетова жүлдегерлер қатарынан көрінді", - деді Ф.Сапиев.
Жастар арасындағы ел біріншілігі тартысқа толы өтіп, алғашқы күні қыздар арасында бас жүлдені 60 келіде Ақбота Сматали (Жетісу облысы), 65 келіде Аяулым Балғабаева (Жамбыл), 70 келіде Ақбота Қыдырәлі (Түркістан), +70 келіде Наргиз Оразбекова (Астана) жеңіп алды.
Жігіттер арасынан 90 келіде Ерасыл Мержанов(Абай), 100 келіде Ердәулет Қалмырза (Түркістан), +100 келіде Мейірхан Бейсенәлі (Түркістан) оза шауып, чемпион атанды.
Чемпионаттың екінші күні батысқазақстандық Эльнара Анарбекқызы жергілікті жанкүйерлерді қуантып, 48 келі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына көтерілді. Одан бөлек 44 келіде Жансая Таджимова (Қызылорда), 52 келіде Алира Шегелекова (Абай), 56 келіде Гүлназ Өмірбек (Түркістан) жеңімпаз болса, жігіттер сындарында Ерасыл Бақдәулет (Жамбыл) 72 келі, Бекзат Мақсұтов (Абай) 78 келі, Сұлтан-Бейбарыс Қайратұлы (Абай) 84 келі салмақ дәрежелерінде алдына жан салмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2239086-bqo-da-otken-qazaq-kuresinen-el-birinshiliginde-72-baluan-medal-aldy/