jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Дзюдодан Азия чемпионаты: жарыстың алғашқы күні қазақ спортшылары екі медаль жеңіп алды

    Шерзод Давлатов
    Шерзод Давлатов. Фото: instagram.com/kaz_judoteam

    Бангкокта дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының спортшылары екі қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Дзюдо федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде ерлер 60, 66, ал әйелдер 48, 52 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтаған.

    Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта белдескен Ғалия Тынбаева биылғы чемпионатты екінші айналымнан бастап, Вьетнам және Таиланд дзюдошыларын жеңген. Ал жартылай финалда жапон спортшысы Хикари Иошиокаға жол берген.

    Ғалия қола медаль үшін белдесуде Токио Олимпиадасының қатысушысы, тайпейлік Линь Чэнь-Хаодан басым түскен.

    Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Шерзод Давлатов қола үшін белдесуде өзбекстандық Бахром Батуровты сан соқтырған. Бұл Шерзодтың ересектер арасындағы құрлық чемпионатында қол жеткізген алғашқы медалі. Ол осыған дейін кадеттер арасында екі рет чемпион атанған.

    Сонымен қатар тағы екі қазақ дзюдошысы Нұрәділ Әлжан (60 кг) мен Ержан Еренғайыпов (66 кг) жарысты бесінші орынмен аяқтаған.

    Құрлықтық дода 28 сәуірге дейін жалғасады.

    Дзюдодан Азия чемпионаты: жарыстың алғашқы күні қазақ спортшылары екі медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.