jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Байдаркамен сайыста қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды

    Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова жарыста
    Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова жарыста Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

    Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында ел құрамасы қоржынына екінші алтын түсті, деп хабарлайды kazinform.kz.

    Байдаркамен 500 метр қашықтықтағы жарыста Ольга Шмелёва мен Артём Терещенко жұбы ешкімге дес берген жоқ. Қазақстандық спортшылар жарыстың өне бойында алдыңғы лектен көрініп, мәре сызығын бірінші болып қиды.

    Айта кетсек, бұдан бұрын құрлықтық додада Ольга Шмелёва әріптесі Ирина Подойниковамен бірге байдаркамен жұптық сында 500 метр қашықтықта чемпион атанған еді. 

    Бүгін Азия чемпионатында бірнеше қашықтықта финалдар жоспарланып отыр.

    Қазірге дейін ел құрамасынан Бекарыс Раматулла 500 метрге байдаркада жарыста екінші орынға тұрақтады. Каноэде 500 метрге ескек есуде қазақстандық спортшылар үздік үштікті түйіндеді.

    Сондай-ақ байдаркамен жарыста Стелла Суханова күміс алды.

    Байдаркамен сайыста қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.