jitsu gif
Спорт

    "Мыңға жуық спортшы қатысады": Оралда ірі халықаралық жарыс өтпек

    Шаршы алаңдағы каратэшілер
    Шаршы алаңдағы каратэшілер: Каратэ федерациясы

    15-18 мамыр күндері Орал қаласында WKF каратэден Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған Х халықаралық "Akzhayk Open" турнирі өтеді. Оған мыңға жуық спортшы қатыспақ, деп хабарлайды Sportbugin.kz

    Аталған турнир жасөспірімдер, жастар  мен ересектер арасында ұйымдастырылады. Сондай-ақ бұл турнир жастар мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатына іріктеу бәсекесі болып саналмақ.

    Дәстүрлі халықаралық турнирде Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Ресей Федерациясы  және Түркиядан келген мыңға жуық спортшы бақ сынайды.

    Турнирде спортшылар кате және кумито бойынша өзара мықтыларды анықтайды.

    Жарыс таңғы сағат 09:00 мен кешкі 19:00 арасында, "Жайық Арена" спорт кешенінде өтеді. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі 16 мамырға жоспарланған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.