jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    19-27 мамыр аралығында қандай әлемдік жарыстар өтеді және қанша спортшы Қазақстан намысын қорғайды

    Жүзу спорты
    Жүзіп бара жатқан спортшы. Көрнекі сурет: pixabay

    Қазақстан Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 19-25 мамыр аралығында өтетін жарыстар кестесін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    • 19-27 мамыр – Нысана көздеу және стенд атудан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогі

    Жарысқа ел құрамасынан 19 спортшы қатысады.

    Өтетін орны: Зуль қаласы, Германия.

    • 21-22 мамыр – Жүзуден Mare Nostrum халықаралық турнирі (2-кезең)

    Бұл кезеңде еліміздің 8 спортшысы бақ сынайды.

    Өтетін орны: Барселона қаласы, Испания.

    • 22-25 мамыр – WKF каратэден ересектер арасындағы Азия чемпионаты

    Қазақстан намысын 16 спортшы қорғайды.

    Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан.

    • 22-27 мамыр – Дзюдодан юниорлар арасындағы халықаралық турнир

    Аталған турнирде еліміздің 7 палуаны белдеседі.

    Өтетін орны: Каунас қаласы, Литва.

    • 23-25 мамыр – Семсерлесуден Әлем кубогі

    Турнирде 9 спортшымыз сынға түседі.

    Өтетін орны: Сен-Мор қаласы, Франция.

    • 24 мамыр – Триатлоннан Әлем кубогы

    Жарыс жолына еліміздің 5 спортшысы шығады.

    Өтетін орны: Самарқанд қаласы, Өзбекстан.

    • 25-29 мамыр – Дәстүрлі садақ атудан халықаралық Fetih Kupası турнирі

    Сайысқа 15 елден 200-ден астам спортшы, соның ішінде отандық мергендер де қатысады.

    Өтетін орны: Cтанбұл қаласы, Түркия.

    19-27 мамыр аралығында қандай әлемдік жарыстар өтеді және қанша спортшы Қазақстан намысын қорғайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.