jitsu gif
Спорт

    Моңғолиялық қазақ қызы бокстан Азия чемпионатында жүлделі болды

    Шаршы алаңға ілінген бокс қолғабы
    Бокс қолғабы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Моңғолия қазағы Ержан Мөлдір күміс жүлдегер атанды, деп жазады 1bol.kz.

    70 келіде өнер көрсеткен қандасымыз финалда Қазақстан боксшысы Бақтық Сейдішпен жұдырықтасқан болатын. Тартысты өткен жекпе-жекте Бақтық бір бас жоғары өнер көрсетіп, жеңіске жетті. Ал Мөлдір екінші орын еленді.

    Осылайша Мөлдір Ержан бокстан Моңғолиядағы қазақ қыздарының арасынан шыққан Азия чемпионатының алғашқы жүлдегері атанып отыр. Бұған дейін ол ел чемпионатында күміс және қола жүлде жеңіп алған.

    Айта кету керек, Мөлдірдің бапкері де Моңғолия қазағы Асқар Нұрлан. Ол – халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.