jitsu gif
Спорт

    Бибісара Асаубаева қазақтан шыққан екінші гроссмейстер әйел атанды

    шахматшы
    Бибісара Асаубаева. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    21 жастағы шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстан тарихындағы екінші гроссмейстер әйел атанды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Федерацияның мәліметінше, БАӘ-де өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде Бибісара Асаубаева өзінің үшінші гроссмейстерлік нормасын орындап, алғаш рет 2500 рейтингтік межеден асқан.

    Бибісара 64 гроссмейстер қатысқан турнирде үздік 30-дыққа еніп қана қоймай, әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсеткен. Ол әйелдер Гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмухты артта қалдырған.

    "Енді тек ФИДЕ кеңесінің алдағы отырысында ресми бекіту қалды", - делінген хабарламада.

    Осыдан кейін Бибісара Асаубаева қазақ әйелдерінің арасынан шыққан екінші гроссмейстер (GM) атанбақ. Ал бұл атаққа ие болған алғашқы қазақ қызы – Жансая Әбдімәлік.

    "Бибісараны, оның бапкерлерін және бүкіл Қазақстан шахмат жанкүйерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – еліміздің шахматтағы жаңа жеңістерінің бастауы ғана", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін ақтаулық шахматшы Қазақстан тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанғанын жазған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.