jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Будапеште өтетін дзюдодан әлем чемпионатында Моңғолияда дүниеге келген қазақ баласы бақ сынайды

    Ёлка Кадербек
    Ёлка Кадербек. Фото: IJF/1bol.kz

    Будапеште өтетін дзюдодан әлем чемпионатына Моңғолияда дүниеге келген этникалық қазақ Ёлка Кадербек қатысады, деп хабарлайды 1bol.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның жазуынша, бұл – 24 жастағы (-60 кг салмақта өнер көрсетеді) қандасымыздың ең алғашқы әлем чемпионаты.

    Ёлка Кадербек Моңғолияның Сэлэнгэ аймағында дүниеге келген. 2024 жылы Токиода өткен Гранд-Слэм турнирінде 5-орынға ие болған.

    Сондай-ақ ол Ұлан-Батырда өткен ТОП-6 турнирінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Париж Олимпиадасының қатысушысы Энхтайван Ариунболдыны жеңіп, қола жүлде жеңіп алған.

    Қазіргі таңда Ёлка Кадербек -60 келі салмақта әлемдік рейтингте 650 ұпаймен 59-орынға тұрақтаған.

    Айта кетейік, дзюдодан ерлер және әйелдер арасында әлем чемпионаты 13-19 маусым күндері Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтеді.

    Жарыстың бірінші күні, 13 маусымда Қазақстан құрамасынан татамиге былтырғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова, сондай-ақ Ғалия Тынбаева, Шерзад Давлатов және Маған Шамшадин шығады.

    Әлемдік доданы Kazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.