Дзюдодан әлем чемпионаты: Абиба Абужақынова мен Мағжан Шамшадин жарысты жеңіспен бастады
Опубликовано:

Бүгін Венгрия астанасы Будапештте дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Алғашқылардың бірі болып татамиге шыққан қазақ спортшылары – Абиба Абужақынова мен Мағжан Шамшадин жарысты жеңіспен бастады. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Мағжан Шамшадин алғашқы айналымда америкалық Дэвид Тераоны жеңді. Оның келесі қарсыласы – испаниялық Францизко Гаригос.
48 келіге дейінгі салмақта сына түскен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Абужақынова қосымша уақытта "юко" әдісін жасап, ресейлік Марина Воробьевадан айласын асырды.
Ал дәл осы салмақта өнер көрсететін тағы бір спортшымыз Ғалия Тынбаева нидерландтық Эмбер Херсйэстен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.
Айта кетейік, дзюдодан ерлер және әйелдер арасында әлем чемпионаты 13-19 маусым күндері өтеді. Әлемдік доданы Kazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2255265-abiba-abuzhaqynova-men-magzhan-shamshadin-alem-chempionatyn-zhengispen-bastady/