jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Вадим Шарлаимов семсерлесуден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Семсерлесуші Вадим Шарлаимов
    Семсерлесуші Вадим Шарлаимов. Фото: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

    Қазақстандық Вадим Шарлаимов семсерлесуден Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Olympic.kz сайына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Спортшы семсер қаруымен айқасудан ерлер арасындағы жекелей сында үздік үштікті түйіндеді.

    Шарлаимов жартылай финалда жапониялық Масару Ямадаға жол беріп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанып отыр.

    Алтын медаль қытайлық Ван Цзыцзеге бұйырған. Күмісті Масару Ямада иленсе, қола медальді Вадим Шарлаимовпен бірге Қытай өкілі Синькунь Чжан алған.

    Айта кетейік, былтыр Кувейтте өткен Азия біріншілігінде семсерлесуден Қазақстан құрамасы Олимпиада чемпиондарын жеңіп, Азия чемпионы атанған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.