jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Жетісу облысында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған J LEAGUE жобасы сәтті аяқталды

    "J LEAGUE" жобасы
    Фото: gov.kz

    Жетісу облысында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған J LEAGUE жобасы мәресіне жетті, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Ауқымды спорттық бастама 2025 жылғы 19 сәуірде Талдықорған қаласындағы "Жастар" спорт сарайында ресми түрде бастау алып, облыс тұрғындары арасында ерекше қолдауға ие болды.

    "J LEAGUE" жобасы
    Фото: gov.kz

    Жобаның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден арылуға үндеу тастау және спортқа деген қызығушылықты арттыру.

    "J LEAGUE" жобасы
    Фото: gov.kz

    J LEAGUE жобасына Жетісу облысының барлық елді мекендерінен 887 команда, 9000-ға жуық жасөспірім қатысты. Яғни, футбол бойынша 556, волейболдан 177, баскетболдан 154 команда бақ сынасты. Ақтық сайыстарға 150 командадан 1500-ден астам қатысушы жолдама алды.

    "J LEAGUE" жобасы
    Фото: gov.kz

    Финал нәтижесіне сәйкес, "Былғары доп", "Алтын доп", "Шұбар доп" кезеңдерінің жеңімпаздары анықталып, оларға жазғы сауықтыру лагерлеріне жолдама, спорттық киімдер және 3000-ға жуық доп табысталды.

    Ал жаттықтырушыларға ақшалай сыйақылар берілді. 9000-ға жуық бала тұрақты түрде спортпен шұғылданып, 250-ден астам жаттықтырушы әдістемелік көмек алды. Осы жобаның арқасында ауылдық жерлердегі балалардың спортқа қатысу деңгейі 42 пайызға артты.

    "J LEAGUE" жобасы
    Фото: gov.kz

    Қоғам тарапынан оң баға алған бұл бастама жалғасын тауып, 2025 жылдың төртінші тоқсанынан бастап J LEAGUE 2.0 жобасы іске асырылатын болады.

    "J LEAGUE" жобасы
    Фото: gov.kz

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.