jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Моңғолия қазағына жерлестері автокөлік мінгізді (фото)

    Ёлка Кәдірбек
    Ёлка Кәдірбек. Фото: 1bol.kz

    Будапештте дзюдодан өткен әлем чемпионатында 60 келіде қола жүлдегер атанған қазақ жігіті Ёлка Кәдірбекке Баян-Өлгий азаматтары автокөлік мінгізді, деп хабарлайды 1bol.kz.

    Басылым тілшісінің жазуынша, Моңғолияның еңбек министрі Тілеухан Әбубәкір дзюдошыны өзі қарсы алып, оған 10 000 000 төгрөг (шамамен 1 500 000 теңге) ақшалай сыйақы да берген.

    "Жергілікті қазақ жастардың жетістігіне ризашылығымды білдіремін. Біздің Ёлкаканың бұл жетістігі жай ғана медаль емес, Баян-Өлгий тұрғындары мен Моңғолия жастарының күш-қуатының, төзімділігі мен сенімінің көрінісі. Бұл жыл осындай табыспен басталып жатқаны қуантады. 

    Ёлка көп жылғы қажырлы еңбегі мен жүйелі жаттығуларының нәтижесінде әлемдік аренада жетістікке жетіп отыр. Оның жетістігі жастардың белсенділігі мен спортқа деген құлшынысын арттыруға зор үлес қосатынына сенімдімін", - деді Тілеухан Әбубәкір.

    Басылым мәліметінше, Будапешттегі әлем чемпионатына Моңғолиядан 18 дзюдошы барып, екеуі ғана медаль алған. Ерлерден 9 дзюдошы өнер көрсеткен, соның ішінде қазақ жігіті Ёлка ғана жүлдеге ілінген.

    Ёлка Кәдірбек – Моңғолия қазақтары арасынан Олимпиадалық спорт түрінен әлем чемпионатында медаль алған тұңғыш спортшы.

    Ёлка Кәдірбек
    Ёлка Кәдірбек. Фото: facebook.com/aniq.kokenayuli

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.