jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Тарихи жолдама: Бейбіт Жұқаев алғаш рет Уимблдон турнирінде бағын сынайды

    Бейбіт Жұқаев
    Бейбіт Жұқаев кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстандық теннисші, әлемнің 251-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті аяқтады, деп хабарлайды kazinform.kz.

    Ақтау теннис мектебінің түлегі іріктеу сайысының финалында әлемнің 239-ракеткасы, франциялық Лука Павловичтің меселін қайырды. Бірінші партияда франциялық теннисші 6:3 есебімен басым түсті. Бұдан кейін Бейбіт камбэк жасай білді – 6:3, 6:2, 7:6 (7:5). 

    Екі сағат жарымға жуық уақытқа созылған тартысты матчта Жұқаев 15 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Павлович 9 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді. 

    Осылайша, 24 жастағы Бейбіт Жұқаев негізгі жарысқа алғаш рет жолдама алып, өзі үшін тарихи нәтижеге қол жеткізді. Михаил Кукушкин, Тимофей Скатов және Дмитрий Попко іріктеу сынынан өте алмады. Бейбіт өткен жылы іріктеу сайыстарының финалында франциялық Алис Кантенге 3:6, 4:6, 4:6 есебімен жол беріп, негізгі додадан шет қалған еді. 

    Уимблдон додасы 30 маусымда басталады. Сөйтіп "Үлкен дулыға" турнирінде Қазақстаннан жекелей сында Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Елена Рыбакина және Юлия Путинцева өнер көрсетеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.