Жүзуден әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды
Опубликовано:
11 шілдеде Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Жүзуден Қазақстан атынан әлем біріншілігіне алты спортшы қатысады, деп хабарлайды olympic.kz.
Жарысқа баратын отандастарымыздың тізімі:
- Әділбек Мусин (50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу)
- Ксения Игнатова (100 метрге арқамен жүзу)
- Аделаида Пчелинцева (50 метрге брасс әдісімен жүзу)
- Софья Сподаренко (50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу)
- Арсен Қожахметов (50 метрге брасс әдісімен жүзу)
- Глеб Коваленя (50 метрге арқамен жүзу)
Айта кетейік, жүзуден сайыстар 27 шілдеде басталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2265039-zhuzuden-alem-chempionatyna-qatysatyn-qazaqstandyqtar-anyqtaldy/