jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев шахматтан Әлем кубогында сенсация жасаған қазақ қызын құттықтады

    шахматшы Меруерт Камалиденова
    Шахматшы Меруерт Камалиденова. Фото: instagram.com/m_kamalidenova

    Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы Меруерт Камалиденованы FIDE World Cup 2025 жарысындағы жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға құттықтау жеделхатын жолдады.

    "Мемлекет өзіңіз сияқты талапты жастарға әрқашан қолдау көрсетеді. Елімізде бұл интеллектуалды ойын түрін жаппай дамыту үшін нақты шаралар қолға алынды. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді. Әрбір жеңістеріңіз оларды жігерлендіреді", - деп жазылған жеделхатта.

    Мемлекет басшысы спортшыға алдағы финалдық сайыстарда сәттілік тіледі.

    Айта кетейік, бұған дейін еліміздің шахмат федерациясы шахматтан әйелдер арасында Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында Меруерт Камалиденованың сенсация жасағанын хабарлаған еді.

    Қазақ қызы 1/32 финалда 2023 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы, әлемдік деңгейдегі гроссмейстер Александра Горячкинаны жеңген болатын.

    Тоқаев шахматтан Әлем кубогында сенсация жасаған қазақ қызын құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.