Алматыда үстел теннисінен өтетін халықаралық турнирге кім қатысатыны белгілі болды
Опубликовано:
Алматыда 23-26 шілде аралығында өтетін WTT Youth Contender Almaty 2025 турниріне Қазақстан атынан 86 спортшы қатысады. Оның қатарында әлемдік додаларда топ жарып жүрген жас спортшылар да бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан үстел теннисі федерациясының мәліметінше, додаға Халықаралық үстел теннисі федерациясының рейтингінде көш бастап тұрған үздік жас теннисшілер қатысады. Жарыстың нәтижелері спортшылардың рейтингіне әсер етіп, спорттық мансабын ілгерілетуге септігін тигізеді. Турнир World Table Tennis (WTT) ұйымының ресми күнтізбесіне енгізілген халықаралық жасөспірімдер турнирі саналады және Алматыда дәл осы ұйымның мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр.
Турнирде дүниежүзінің түкпір-түкпірінен келген 235 спортшы жүлделі орындарды өзара таласқа салады. Ал додаға қатысатынын растаған 15 мемлекеттің ішінде АҚШ, БАӘ, Гонконг, Жапония, Катар, Қытай Тайбэйі, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Сауд Арабиясы, Түркіменстан, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Үндістан, Қазақстан бар екенін атап өткен жөн.
Ұлдар:
Кұрманғалиев Алан
Кабдылуахитов Кадырали
Мамай Абдулла
Жұмағұл Абай
Маркин Алексей
Ералхан Дулат
Яковлев Олег
Азаматұлы Нұрдаулет және т.б.
Қыздар:
Бекмухамбетова Жания
Фу Дарья
Лукьянова Мария
Әлжанова Аделя және т.б.
Алматыдағы бұл кезең жасөспірімдер рейтингі жүйесінің бір бөлігі және ондағы көрсеткіштер жас теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орнын айқындауға ықпал етеді.
Айта кетелік, спортшылар 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі жас ерекшеліктері бойынша жекелей және жұптық санаттарда өнер көрсетеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2267790-almatyda-ustel-tennisinen-otetin-halyqaralyq-turnirge-kim-qatysatyny-belgili-boldy/