Универсиада-2025: қазақ таеквондошысы ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Опубликовано:
Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп жазады Sportbugin.kz.
Таеквондодан 63 келі салмақта бақ сынаған Самирхон Абабакиров финалда түркиялық спортшыдан басым түсіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салған.
Самирхон жарыс барысында Израиль, Канада, Тунис спортшыларын жеңген. Әсіресе Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, тунистік таеквондошы Мохамед Халил Джендубимен өткен кездесуде Самирхон барын салған.
Бұл – қазақ таеквондошысының ересектер арасындағы ең ірі жетістіктерінің бірі. Бұған дейін ол Париж Олимпиадасында сынға түскен еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2267973-universiada-2025-qazaq-taekvondoshysy-olimpiada-zhuldegerin-zhengip-chempion-atandy/