jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Универсиада ойындарында қазақ қызы үздіктер қатарынан көрінді

    Ясмина Тоқсанбаева
    Ясмина Тоқсанбаева. Фото: instagram.com/qazathletics

    Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындары кезінде қазақ қызы Ясмина Тоқсанбаева жеңіл атлетикадан үздік алтылыққа енді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы хабарлады.

    "Ясмина Тоқсанбаева үздік алтылықта. Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева спорттық жүрістен 6-орын иеленді! Ол 20 шақырымды 1 сағат 30 минут 18 секундта жүріп өтті.

    Сонымен қатар Ясмина осы нәтижесі арқылы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан рекордын жаңартты! Жас спортшымызға жеңіс тілейміз!", - делінген хабарламада.

    Айта кету керек, Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль 23 шілдеде түскен. Таеквондодан 63 келі салмақта бақ сынаған Самирхон Абабакиров финалда түркиялық спортшыдан басым түсіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салған.

    Универсиада ойындарында қазақ қызы үздіктер қатарынан көрінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.