jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қытайдағы қазақ қызы Моңғолиядағы Гранд-Слэм турнирінің күміс жүлдегері атанды

    Айман Жеңіснұр
    Айман Жеңіснұр. Фото: ijf.org

    Қытайда дүниеге келген қазақ қызы Айман Жеңіснұр дзюдодан Моңғолияда өткен Гранд-Слэм турнирінде күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлайды 1bol.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның жазуынша, +78 келі салмақта сынға түскен қандасымыз финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, француздық Леа Фонтенмен белдескен.

    Тартысқа толы белдесуде қарсыласына есе жіберіп, Айман турнирде екінші орынға тұрақтаған.

    Айман Жеңіснұр алғаш рет Гранд-Слэм жарысының финалына шығып отыр.

    Бұған дейін ол Ташкенттегі Гранд-Слэмде қола медаль еншілеген. Ал Бангкоктегі Азия чемпионатында топ жарып, алтыннан алқа таққан.

    Айта кетейік, 21 жастағы Айман Жеңіснұр Қытайдың Құлжа қаласы, Іле автономиясында дүниеге келген.

    Қытайдағы қазақ қызы Моңғолиядағы Гранд-Слэм турнирінің күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.