jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жансая Әбдумәлік желіде отбасына қатысты жақсы жаңалығын бөлісті (фото)

    Жансая Әбдумәлік
    Жансая Әбдумәлік. Фото: instagram.com/zhansaya_abdumalik/

    Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдумәлік Instagram-дағы парақшасына сурет жүктеп, оқырмандарына жақсы жаңалығын бөлісті. Ол сәбиін күтіп жүргенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Сен менің жүрегімде болғанда мен сені көрмесем де, өзіңді сүйіп кеткенімді байқамай қалдым", - деп жазды Жансая Әбдімәлік.

    Танымал шахматшы 2023 жылдың көктемінде тұрмысқа шыққан. Оның таңдауы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы, 34 жастағы Нұрахмет Нұриевке түскен.

    Желі қолданушылары оның бұл жаңалығына жағымды пікірлерін жаудырды.

    "Жұғысты болсын", "Мұндай керемет жаңалықпен құттықтаймын", "Мәссаған, кішкентай кезінде еліміздегі ең жас гроссмейстер болған. Жансая Абдумәлік десе үнемі кішкентай қыз ретінде есімде қалып қойыпты. Одан бері сіз де мен де өскенімді ұмытып кетіппін. Аман-есен бүлдіршініңізді қолға алыңыз", - деп жазды олар.

    Жансая Әбдумәлік желіде отбасына қатысты жақсы жаңалығын бөлісті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.